Не пайда
Не пайда...
Жақсылардан не пайда,
Жарлыға қолын созбаса.
Жарысқа қосқан тұлпарың,
Жаяудан асып озбаса.
Жақсы əкеден не пайда,
Отбасын өзі бақпаса,
Жұмысы болмай қолында,
Бір тенге істеп таппаса.
Жақсы анадан не пайда,
Қызына ақыл айтпаса.
Еркегімен ерексіп,
Айтқанынан қайтпаса.
Жақсы ұлдан не пайда,
Айтқаныңды ұқпаса.
Жалқаулығы жабысып,
Түс ауғанша ұйықтаса.
Жақсы қыздан не пайда,
Үй ішін ептеп жыймаса.
Құлаққа айтқан ақылың,
Санасына сыймаса.
Жақсы сөзден не пайда,
Тыңдаушысы болмаса.
Айтқаныңа бас бұрмай,
Ақылыңды қорласа.
Жақсы көзден не пайда,
Алысты анық көрмесе.
Алыс түгіл атқан оқ,
Алдыңдағыға тимесе.
Жақсы құлақ не керек,
Естімесе айқайды.
Төрт мүшең түгел болмаса,
Бұл дүниеде сол қайғы.
Жақсы қолдан не пайда,
Созғаныңа жетпесе.
Қол болған соң тəуір ғой,
Оңды-солды ептесе.
Жақсы аяқтан не пайда,
Басқанда түзу жүрмесе.
Ізіңді көрген адамдар,
Оң-солын анық білмесе.
Жақсы мұрын не керек,
Иісті анық сезбесе.
Жыл он екі ай бырқылдап,
Мұрын боғын үзбесе.
Жақсы ауыз не керек,
Жақсы сөзің болмаса.
Жаман сөзден не пайда,
Жұрттың көңілі толмаса.
Жақсы бастан не пайда,
Ми болмаса істейтін.
Есалаң мидан не пайда,
Ештеңе еске түспейтін.
Жақсы тілден не пайда,
Балы тамып тұрмаса.
Айтқан сөзің жау болып,
Өз басыңды қорласа.
Жақсы адамнан не пайда,
Жақсылығы болмаса.
Өзгені емес тек қана,
Өзінің қамын ойласа.
Жақсы болсаң жақсы ғой,
Халқың елеп жүретін.
Жақсы менен жаманды,
Бір Алла бар білетін.
Актоты
Шымкент Туралы олен