Өмір өксіп талдардың өзегінде – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Өмір өксіп талдардың өзегінде» атты Шәмшия Жұбатова жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 564
Өмір өксіп талдардың өзегінде,
Жүрек тулап тірліктің өзенінде.
Бақыт құсы басында адамзаттың,
Жүрген кезде шаттанып өз елінде.
Наурыз жетті, сәуір де күліп келер,
Кемелерге тұрады тұнып кемер.
Мен көктемде жүремін жазды күтіп,
Пендеміз ғой ертеңнен үміттенер.
Көктем келер, жаз келер, бәрі келер,
Жақсылықты болады тағы нелер?
Сары орамал сағыныш басына орап,
Сарғыш күннің қойнына сағым енер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері