Сыртқы көзге сұлу болып көрінген – Келіс Рахымжанов

Бұл бетте «Сыртқы көзге сұлу болып көрінген» атты Келіс Рахымжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.12.2020
  • 0
  • 0
  • 762
Сыртқы көзге сұлу болып көрінген
Шалқып күлген топ ішінде мен жоқпын.
Көңіліңнің орын іздеп төрінен
Ұнау үшін барды салып көрмеппін.

Қаражаяу, сол қоңырқай қалпымда
Патша көңілім санамай-ақ өзін зор.
Неменеге қарайлайды артына
Жұрт білмесе қалатындай болып қор.

Басқа жұрттың не ісі бар біздерде
Сенің қымбат көз алдымда жүргенің.
Көрсем-дағы көрмеген боп жүргенде
Саған солай ұнайтынын білгемін.

Бөтен көзге көрінбейтін қараса
Бар құпия тек екеуміз білетін.
Өзің жоқ боп қалған сәтте оңаша
Ойларым бар сен деп толғап жүретін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сыртқы көзге сұлу болып көрінген өлеңінің авторы кім?

Келіс Рахымжанов — осы өлеңнің авторы.

Сыртқы көзге сұлу болып көрінген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сыртқы көзге сұлу болып көрінген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Келіс Рахымжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сыртқы көзге сұлу болып көрінген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері