Тымақ қайда? – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Тымақ қайда?» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1580
«Сабақ оқып болған соң,
Түсiнгенге, бiлгенге
Тысқа шығып бой жазып,
Не жетсiн бiр жүргенге».
Деп, сасқалақ бiр бала,
Асығыс тез киiндi.
Əр жерге бiр тастаған,
Бiрлеп тауып киiмдi.
Жатыр екен қолғабы,
Текпiшектiң астында.
Iлулi тұр бөкебай
Ыдыс-аяқ қасында.
Тауып кидi пальтосын,
Ауызғы үйден етiгiн.
Iздедi ендi тұмағын
Баса алмай ентiгiн.
Шығып жатыр дал-далы,
Үйдiң iшi, жан-жағы.
Қайда қойған? Бiлмедi.
Қайда едi iлгенi?
Шашып тастау киiмiн
Бiр басының мiнi екен,
Сөйтiп жүрсе, тымағы
Өз басында жүр екен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тымақ қайда? өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Тымақ қайда? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тымақ қайда? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тымақ қайда? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері