Алма-арасан

Бұл бетте «Алма-арасан» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2907
Алатау бұлттан басына
Көтергендей қол шатыр.
Етегінде шашыла,
Жалғыз да жалғыз жол жатыр.
Тұрғандай шыңда ұялап,
Барқыт түн, дала таңы да.
Басына шықсаң қиялап,
Алматы алақаныңда.
Сергіп бір бойың қаласың,
Жаз мейлі, күзде тынықсаң.
Алма-Арасан ауасын
Алдында таңның бір жұтсаң.
Бәрі де сенен аласа,
Үңіліп төмен қарасаң,
Күндесіп бұлтпен таласа,
Жатады Алма-Арасан.
1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алма-арасан өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Алма-арасан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алма-арасан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алма-арасан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері