Бәрі де аян өмірге не бергенім – Келіс Рахымжанов

Бұл бетте «Бәрі де аян өмірге не бергенім» атты Келіс Рахымжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.12.2020
  • 0
  • 0
  • 803
Бәрі де аян өмірге не бергенім
Көктегенім, қуарған, көгергенім.
Алып Отан аяулым сен болмасаң
Көресіні басқадан көрер ме едім.

Бәрі де аян шыр етіп көз ашқаным
Бала болып болмасқа таласқаным.
Есім кіріп, ел біліп, азамат боп
Бақыт бер деп тағдырға бал ашқаным.

Анам мені мәпелеп аялаған
Туған Отан бағыңда саялағам.
Отаным да, анам да, ауылым да
Баласы үшін түгін де аямаған.

Бәрі сенде отаным болсын деді
Дүниені көз берді көрсін деді.
Алдамайтын өмірде сенім беріп
Өзгелерге өзіндей сенсін деді.

Арай көріп жүзінен анам дедім
Өкпем болмас о өмір саған менің.
Тауға шығып самалға бетті тосып
Сыбағамды өмірден алам дедім.

Жігер берді сол шақта отан маған.
Бақыт берді байлық пен қатарлаған.
Тарихына телегей бойлаймын деп
Толғанғанда төсекте жата алмағам.

Сөз алғанда отан деп мінбелерден
Тілегімді түйткілсіз тілге бергем.
Түн баласы төсектен шошып тұрам
Тарихты ойлап атасы тілден өлген.

Мен кім болам отаным тілім өлсе
Су қараңғы аспанда күнім өлсе
Күн сөнгенше отаным сен тұра бер
Мен жырлаймын тілім деп тілім келсе.

Үн естимін ыңырсып апалаған.
Суға шөлдеп бір тамшы қаталаған.
Әлсіз дауыс сол сен ғой мұңын шағып
Тілге зар боп жылаған отан анам.

Артқа салған ардагер сан ғасырды
Асыл тілім білемін тозбасыңды.
Тайраңдаған тексізден арашалап
Сүрткім келеді өлеңмен көз жасыңды


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бәрі де аян өмірге не бергенім өлеңінің авторы кім?

Келіс Рахымжанов — осы өлеңнің авторы.

Бәрі де аян өмірге не бергенім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бәрі де аян өмірге не бергенім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Келіс Рахымжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бәрі де аян өмірге не бергенім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері