Сулар біткен ақты да, сені ойлады – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Сулар біткен ақты да, сені ойлады» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 656
Сулар біткен ақты да, сені ойлады,
Көше шамын жақты да, сені ойлады.
Сені ойлады, еске алып тебіренді
Туған жердің жап-жасыл кең аймағы.
Құс қанатын сермеді, сені ойлады,
Бақтар гүлін тербеді, сені ойлады.
Сені ойлады көк пен жер тына қалып,
Тірлік біткен таусылып сені ойлады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері