Базарға, қарап тұрсам, әркім барар

Бұл бетте «Базарға, қарап тұрсам, әркім барар» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.03.2015
  • 1
  • 12
  • 88449
Базарға, қарап тұрсам, әркім барар,
Іздегені не болса, сол табылар.
Біреу астық алады, біреу - маржан,
Әркімге бірдей нәрсе бермес базар

Әркімнің өзі іздеген нәрсесі бар,
Сомалап ақшасына сонан алар.
Біреу ұқпас бұл сөзді, біреу ұғар,
Бағасын пайым қылмай аң-таң қалар.

Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма?
Демеймін жалпақ жұртқа бірдей жағар.
Жазған соң жерде қалмас тесік моншақ,
Біреуден біреу алып, елге тарар.

Бір кісі емес жазғаным, жалпақ жұрт қой,
Шамданбай-ақ, шырақтар, ұқсаң жарар.
"Ит маржанды не қылсын" деген сөз бар,
Сәулесі бар жігіттер бір ойланар.


Пікірлер (12)

Динара

Өте керемет жазылған.

Динара

Өте керемет жазылған.

Алишер

Күшті

Человек

сендер осы тақпақтың орысша түрін беріндерші

Риза

Оте мәнді сөздерінде аса құндылық мәртебе бар. Түсініп оқысаң керемет.

Нияз

Оте мәнерлі өлең және өте керемет өлең.

Жамила

Өлеңді оқып отырсаң оның мәнін ұғасың ішіңдегі бүккіл жаман ойлар жоғалып кетеді жаның тәуелсіз секілді көрінеді .мен үнемі Абай Құнанбаевтың өлеңдерін оқимын

Аяулым

Мен Абай атамыздың өлеңдерін жақсы көремін

Ерлан

Абай Құнанбайұлының Базарға, қарап тұрсам, әркім барар өлеңі ұнады

Джэк

Мен қазақ тілін енді үйренгенмін Абай деген бір ақын бар екенин билдим соның өленин жатап көрдім қиын мен америкдан келгенмін. This is Kazakhstan very amazing country

Дико

Абайдың “Базарға, қарап тұрсам, әркім барар” өлеңін оқып шықтым — бұл туынды маған адамның өмірдегі ізденісі мен таңдауы туралы ой салады. Әрбір адам өзіне қажет дүниені іздеп, міндетті түрде табады деген ой маған ерекше әсер берді. Қарапайым «базар» бейнесі арқылы өмірдің сан алуан кезеңдерін, талабы бар адамдардың әрқайсысының өз жолы бар екенін керемет жеткізген. Мұндай классикалық поэзия жүрекке жылы тиеді әрі ойымды тереңдете түседі — рахмет!

Мұрат

Абай атамыздың «Базарға, қарап тұрсам, әркім барар» өлеңі – қазақ поэзиясының мәңгілік інжу-маржандарының бірі! Қазақтың ұлы ақынының сөзі мәңгі жасасын! ✨

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Базарға, қарап тұрсам, әркім барар өлеңінің авторы кім?

Абай Құнанбайұлы — осы өлеңнің авторы.

Базарға, қарап тұрсам, әркім барар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Базарға, қарап тұрсам, әркім барар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абай Құнанбайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Базарға, қарап тұрсам, әркім барар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері