Өлең, жыр, ақындар

Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол

  • 17.03.2015
  • 1
  • 8
  • 63688
Біреудің кісісі өлсе, қаралы - ол,
Қаза көрген жүрегі жаралы – ол.
Көзінің жасын тыймай жылап жүріп,
Зарланып неге әнге салады ол?

Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл,
Қыз таныстыр – қызыққа жұрт ыржаңшыл.
Қынаменде, жар-жар мен беташар бар,
Өлеңсіз солар қызық бола ма гүл?

Бала туса, күзетер шілдехана,
Олар да өлең айтар шулап жаңа.
Бұрынғы жақсылардан өрнек қалған,
Биде тақпақ, мақал бар, байқап қара.

Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойлансаңшы бос қақпай елең-селең.

Өлеңді айтпақ түгіл, ұға алмайсың,
Айтсаң да үддасынан шыға алмайсың.
Сен білмейді екен деп айтпасын ба,
Неге мұнша сіресіп құп алмайсың?

Өлең деген - әр сөздің ұнасымы,
Сөз қосарлық, орайлы жарасымы.
Сөзі тәтті, мағынасы түзу келсе,
Оған кімнің ұнасар таласуы?

Қарны тоқ қас надан ұқпас сөзді,
Сөзді ұғар, көкірегі болса көзді.
Қадірін жақсы сөздің білер жанға
Таппай айтпа оған да айтар кезді.

Сый дәметпе, берсе алма еш адамнан,
Нең кетеді жақсы өлең сөз айтқаннан?
Сүйенерлік адамды құрмет қыл,
Аулақ бол әнін сатып нәрсе алғаннан.

Көп топта сөз танырлық кісі де аз-ақ,
Ондай жерде сөз айтып болма мазақ.
Біреуі олай, біреуі бұлай қарап,
Түгел сөзді тыңдауға жоқ қой қазақ.

Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау,
Өлеңі бірі – жамау, бірі – құрау.
Әттең дүние–ай, сөз таныр кісі болса,
Кемшілігі әр жерде–ақ көрініп тұр–ау.

Мақсұтым - тіл ұстартып, өнер шашпақ,
Наданның көңілін қойып, көзін ашпақ.
Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,
Думан–сауық ойда жоқ әуел баста–ақ.



Пікірлер (8)

Нұрсыйла Жаңабаева

Өте күшті.Білім алып жатырмын

айым оразалы

окымысты болдым

айша

керемет абай атамды пір тұтамын

керемет

үлгі аламын

Əсем

Өте жақсы

Ербосын

Рахмет

Әбіләз

Абай Құнанбайұлының Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол өлеңі қатты ұнады

Пікір қалдырыңыз

Қайтсе жеңіл болады жұрт билемек?

  • 0
  • 1

Қайтсе жеңіл болады жұрт билемек?
Жұрты сүйген нәрсені ол да сүймек.
Ішің берік боп, нәпсіге тыюлысып,
Паңсымай, жайдақсымай, ірі жүрмек.

Толық

Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек

  • 1
  • 4

Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек,
Ашуың – ашыған у, ойың – кермек.
Мұңдасарға кісі жоқ сөзді ұғарлық,
Кім көңілді көтеріп, болады ермек?

Толық

Кешегі өткен ер Әбіш

  • 1
  • 5

Кешегі өткен ер Әбіш
Елден бір асқан ерек-ті.
Жүрегі — жылы, бойы — құрыш,
Туысы жаннан бөлек-ті.

Толық

Қарап көріңіз