Өлең, жыр, ақындар

Өмір өтіп бара жатыр, не білдің

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1969
Өмір өтіп бара жатыр, не білдің,
Құл болдың да, қамытыңа жегілдің.
Жаңбыр болдың жапыраққа төгілдің.
Іңгәладың, күлдің, өстің, егілдің.
Білесің бе, өмір де ұлы, сен де ұлы,
Тек сенікі кең даланың ендігі.
Ұсынам деп саған барша бақытын,
Домалайды дөңгелек жер теңбілі.
Ай дөңгелек, жер дөңгелек, дөңгелек,
Әттең... дейді сап-сары боп әңгелек.
Түйіліп боп, жадырайды көк аспан,
Бұрқып болып, қалт тынады жел кенет.
Көк шатыры желпілдейді көңілдің,
Келдің. Көрдің. Көрдің-дағы жеңілдің.
Қыран болып туғаннан соң қалқыдың,
Жаңбыр болып келгеннен соң төгілдің.
Сен, өйткені ұлы адамсың, біл соны,
Саған қарай созылады гүл шоғы.
Ақша қармен желбірейді жыл басы,
Аппақ қар боп үлбірейді жыл соңы.
Аппақ қардай пәктік керек адамға,
Ақ жаулықтай ақтық керек адамға.
Таныс біткен күліп тұрса әманда,
Жаһан біткен жайнап тұрса, жаман ба?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күн де әбден жалықты жарқыраудан

  • 0
  • 0

Күн де әбден жалықты жарқыраудан,
Сарқырама шаршады сарқыраудан.
Жапырақтар тас жолға жабысып ап,
Жаңбыр жырын айтады жалтыр аудан.

Толық

Арман-ай, ақпан айы алқынады

  • 0
  • 0

Арман-ай, ақпан айы алқынады,
Өйткені ақша қары қалқымалы.
Ақша қар дегеніміз өрнектер ғой,
Өрнек те өмір үшін талпынады.

Толық

Жоғалмаған желкен

  • 0
  • 0

Тағы да бір тірліктің күресі артып,
Жеңілістен Жеңіс кеп іле шалқып,
Әлжуаздар мүсіркеп аяғаннан
Қызғаныштан күйгенің мың есе артық.

Толық