Баспалдақ – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Баспалдақ» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Баспалдақ,
Баспалдақ!
Барады аспандап.
Өрлейді,
Өрлейді,
Әлсіздер терлейді.
Әжетай!
Сен түгіл,
Қалам мен ентігіп!
Атамның амалы –
Тұрады демалып.
Екеуін бір аттап
Шығамын…

Бірақ та
Арманға,
Мұратқа
Жетпейсің бір аттап!
Баспалдақ,
Баспалдақ!
Барады аспандап.
Барады аспандап,
Бірақ та жасқанбан.
Өйткені қол созған
Арманым аспанда!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері