Кім болмақшы? – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Кім болмақшы?» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Біреулер бақташы боламын дейді.
Болсын!
Біреулер мақташы боламын дейді.
Болсын!

Біреулер егінші боламын дейді.
Болсын!

Біреулер тігінші боламын дейді.
Болсын!
Біреулер кенші боламын дейді.
Болсын!
Біреулер елші боламын дейді.
Болсын!

Біреулер биші боламын дейді.
Болсын!
Біреулер күйші боламын дейді.
Болсын!

«Мен патша боламын!» – дейді досым.
Міне, содан шошын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері