Қылыштай қиғыр алмас ем – Махамбет Өтемісұлы

Бұл бетте «Қылыштай қиғыр алмас ем» атты Махамбет Өтемісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.03.2019
  • 0
  • 1
  • 10423
Қылыштай қиғыр алмас ем,
Шарға шауып мұқалдым.
Суаруы қанық көк сүңгі ем,
Сұғуын таппай тот алдым.
Жал аулы найза майрылып,
Жау тауымды шаққанын,
Дұшпан қайта қайрылып,
Туымды менің жыққанын
Енді қайтіп ұмытармын?!
Алайда бір шендессем,
Ауыр жүкке кездессем,
Қара нардай-ақ
Саздауға қарсы жұл қармын.


Пікірлер (1)

Ам

Шешен

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері