Алатау аясында – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Алатау аясында» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1728
Жетісу – жер жаннатым,
Әсем қалам Алматым.
Өлеңімді алғашқы
Бір өзіңе арнадым.
Асқақ Алатауың бар,
Жеміс толы бауың бар.
Сұлулығыңды шын ұққан
Қазақ деген қауым бар.
Тауларың биік дем берген,
Таза ауаң тәнге ем берген.
Сенің Алатауыңды
Тәңіртаумен тең көргем.
Балдай тәтті бұлағың –
Сылдыраған нұр ағын.
Татқан сайын суынан,
Арта түскен құмарым.
Сенде туып бір өлең,
Қалыптасқан мың өнер.
Қасиетің бар жандарды
Ақын қылып жіберер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері