Ұстаз – Аманбеков Нурбол Аманбекұлы

Бұл бетте «Ұстаз» атты Аманбеков Нурбол Аманбекұлы жазған ұстаз туралы өлең берілген.

Шәкірттерін оқытудан жалықпаған
Дәріс алды ұстазынан қаншама адам
Қыран құстай биік самғап,
Ұстаздарын шәкірттері ұмытпаған

Ұстаз – халқының ашқан көз нұрын
Ұстаз – түсінген әр пенденің жан мұңын
Ұстаз – жақсы мен жаманды үйретіп,
Арнаған балаған деп әр күнін

Ұстаздардың тынымсыз еңбегі
Балаларға бар жақсыны бергені
Тәлім – тәрбиеге үйретіп,
Бала десе елжіреген жүрегі

Ұстаз болашаққа жол ашқан
Ардақты жандар алтыннан асқан
Үлгілі,өнегелі шәкірттері
Ұстазының артындағы ізін басқан


Пікірлер (1)

Әлислам

Өте күшті

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері