Сезім хат – Нурбол Аманбеков

Бұл бетте «Сезім хат» атты Нурбол Аманбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жалғыз жүрек тулады кемдемдегі
Сезім шіркін мені де әуреледі
Жалғыздықтан жүрегім жалықты да
Серігін іздеді осы өмірдегі

Табылса екен оған өз сыңары
Бақытқа толар еді- ау көз жанары
Бұл оның сырылуымен ұзақ күткен
Сөз жетпестей аяулы ақ арманы

Тау шыңына көз салсаң даладағы,
Шың басынан көрерсің әппақ қарды,
Әппақ қар ақ жүзіңе сай келеді
Табу қиын өзіңдей сұлуларды

Көремін көздеріңнен бір бақытты,
Қабыл алшы ұсынған сезім хатты
Өзіңсіз талай менің таңым атып,
Аңсауменен қаншама күнім батты

Артық кетсем бұйырма еш айыпқа
Сүйсіне қарадым да табиғатқа
Өлең жазсам болатын шығар деп,
Өзіңдей сүп – сүйкімді адам затқа


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сезім хат өлеңінің авторы кім?

Нурбол Аманбеков — осы өлеңнің авторы.

Сезім хат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сезім хат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нурбол Аманбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сезім хат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар