Қорлану

Бұл бетте «Қорлану» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 644
Табанға салды.
Талауға түсiрдi.
Тазы қуған түлкi еттi.
Күлкi еттi.
Қаратауға
Сүйенiп жылап ем –
Қайғымнан! –
Қаратау шөгiп кеттi.
Алтай тауға
Сүйенiп жылап ем –
Қасiретiмнен! –
Алтай таудың мұң-зары
Кеудесiн керiп кеттi.
Алатауға
Сүйенiп жылап ем –
Күйiгiмнен! –
Алатаудың мұз-қары
Қорғасындай ерiп кеттi.
Атырауға
Төгiлiп жылап ем,
Ол менiмен қоса жылады.
Сарыарқаға
Егiлiп жылап ем,
Ол менен аса жылады.
Ешкiм жұбатпады!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қорлану өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қорлану өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қорлану өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қорлану өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері