Түс

Бұл бетте «Түс» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.09.2021
  • 0
  • 0
  • 838
Қапалақтап құлап жатқан қар сынды,
Қауқарым да таусылды.
Сені көрдім түсімде,
От жанарың менікіндей жәудіреп,
Саусағыңмен сыла салдың тамшыңды.
Бу боп тысқа шығып жатты
Дем ыстық!
Ертегінің кейіпкері болуға
Екеуміз де келістік.
Қыс екенін сездіреді үнсіз-ақ,
Аспан жақтан алмағайып
Келіп қонған кеңістік.
Жаным, олай
көздеріңді жанарыңнан құлатпа!
Жауап берші мен қоймаған сұраққа.
Тайғанамай сол қос қара нүктеден,
Сұрақ қойшы мен өзіңнен күтпеген!
Түс екен ғой...
Оянған соң мені әсте,
Жұбатпады, тіпті өлең!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түс өлеңінің авторы кім?

Айнұр Төлеу — осы өлеңнің авторы.

Түс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айнұр Төлеу өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері