Көктемде – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Көктемде» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 853
Көктем – жастық, жаңарудың басы да,
Көктемінде гүлдер таудың тасы да.
Көктемінде көгермес зат бола ма,
Келмейтұғын ажар бар ма нашына?
Көктемінде күлімдеген күн қандай?
Көктемінде үлбіреген гүл қандай!
Әлемдегі әсемдіктер тоғысып,
Жердің үсті Нұр боп қана тұрғандай!
Көктем – жастық, көңілді кім тұсады!
Көктем көңіл құс боп қалқып ұшады.
Әр кеудеде ән төгеді бір бұлбұл
Нұрға толы, жырға толы құшағы!
Көктем – көңіл кілтін соғар ұстасың,
Қандай көңіл көк сүймесін, ұшпасын!
Жан біткеннің бар ғой сәті – Көктемі,
Әттең соның қайтерсің тек қысқасын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктемде өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Көктемде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктемде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көктемде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері