Болмадым деп тойында өкіне алман

Бұл бетте «Болмадым деп тойында өкіне алман» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 541
Болмадым деп тойында өкіне алман,
Ондай тойдың бәрі де менен қалған.
Ілтипатын көргенмін ұлылардың,
Ағалардан аруақты алғыс алғам.
Олар Алыптар тобы болатұғын,
Халық қамын ойымен шолатұғын.
Еңбегімен қадірлі өсер ұрпақ
Ырысы асып, кемі өсіп толатұғын. 
Танып істің мәнісін, хал-қадырын,
Суырылып шықса бір алға дарын.
«Өзі алмайды, қыранға алдырмайды»
Дегендейін қосады қарғаларын.
Дарын дара шығуын оң көрмейді,
Қой торысы тепеңдеп өңмендейді.
«Пұшық айтып қор қылған» есіл әндей
Орынына іс әсте оң келмейді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Болмадым деп тойында өкіне алман өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Болмадым деп тойында өкіне алман өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Болмадым деп тойында өкіне алман өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Болмадым деп тойында өкіне алман өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері