Теңіз – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Теңіз» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4870
Көкжиекте көгілдір мұнар-сағым аунайды.
Тегіс теңіз теп-тегіс кең даламнан аумайды.
Телегей ме, жазық па?—Шатыстырып аламын.
Ақ кемесі теңіздің — ақ түйесі даланың.
Көк теңіздің, яки жайлауында көк түннің
Жайылады балықтар жылқысындай Нептунның.
Дәу толқындар ұсақтап, түскен кезде екінді
Теңіз беті көк бұйра көк елтірі секілді,
Теңіз бұлай көңілде өшпестей боп қала ма,
Әйтеуір бір жағынан ұқсамаса далама?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері