Қаусылдақ – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Қаусылдақ» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1062
Қамыс басы жел болса қаусылдайды,
Өз-өзінен сөйлесіп саусылдайды.

Қайырмасы:
Әй, Қапал, дедім-ай!

Сені ойласам, қалқатай, сағынғанда,
Айтар сөзім ішімнен таусылмайды.

Қайырмасы:
Әй, Қапал, дедім-ай!

Қызыл шарқат қыз бала жамылады,
Жібектен бау шашақтап тағынады.

Қайырмасы:
Әй, Қапал, дедім-ай!

Ата менен ананың дәулетінде,
Үлде менен бүлдеге малынады.

Қайырмасы:
Әй, Қапал, дедім-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері