Ұйқыма – Ілияс Жансүгіров

Бұл бетте «Ұйқыма» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.03.2018
  • 0
  • 0
  • 14254
Бадалғыр, батқыр тас ұйқым
Теңіздің терең түбіне.
Көзді кер, жанды жарымдап
Тұншықтырдың түнімде.
Енді тағы иектеп,
Еліткің келеді күнімде.
Қараңғы ұйқы, қас ұйқы,
Қабағым ашық, қалғытпа.
Қараңғы үйлі, қанқұйлы,
Заманың жоқ, албытпа.
Ауылымнан аулақ, жолама,
Басымды енді қаңғыртпа.
Қай ұйқым, қалың тұмансың,
Қалайша желім қумасын.
Жайдары жаным жарқылдап,
Қан қайнап, қайрат қузалсын.
Мен ояуда - ел ояу,
Қозғалсын жұрт, қуансын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері