Барыс болсаң – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Барыс болсаң» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 593
Айта-айта жауыр болды тіліміз,
Сорлылыққа саймас па екен мұнымыз!
Тәуелсіз ел сөйлемес пе өз тілінде,
Жатқа қалай дей аламыз іріміз!
Абориген неге болам үйімде,
Егемен ел боп отырған күйімде
Ұлтым, жерім, тілім қазақ дей алмай,
Неге ұрындым шешілмейтін түйінге!
Тәуелсіздік бола ма екен осындай,
Тілім ұлттық тағдырыма қосылмай,
Нендей қауіп жалтақ, жалпақ апай ғып,
Отырғаны түсініксіз тосын жай.
Қызы қызым, ұлы ұлымнан артық па!
Өзіңді көр, өзгені әкеп нар тұтпа!
Қабілеті ерен болса тілімді
Үйренсін де қол жеткізсін нарлыққа.
О, бауырлар шақырамын намысқа,
Күн тымықта қалтырамай қамысша,
Барыс болсаң, қазақ болып айға ұмтыл,
Ұқсар болсын әрекетің барысқа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Барыс болсаң өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Барыс болсаң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Барыс болсаң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Барыс болсаң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері