Астанаға дат! – Шынар Кендін

Бұл бетте «Астанаға дат!» атты Шынар Кендін жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Астана! -
- Туым тігілген тұрағысың ғой, Ақ үйдің!
Іргеңде тұрған, бес гүлі қайда, жаз үйдің?
Қабырға қалай, қайғыдан қалсын сөгілмей?
Қасіретіңді қара аспаныңнан-ақ танимын...
Бес бала өлді!!
Бес саусақ түгел кесіліп...
Көзден жас емес,
қаны ақты-ау, мына фәнидің...
Бейіш күрсініп!
Бесік- құр күйік!
Терезесінен әр үйдің...
Елес кезіп жүр, естен кетпейтін
Шыңғырған үні - сәбидің...
Неге?
Неге, тек, қазақ, жаз үйді жалдап, тоңып жүр?
Айтшы, Астана!
Мен - қазақ, қашан жаримын?
Үсіп өлместің күйін кешем деп, өртеніп
Үйсіз қазақтар обалды өлгенге налимын...
Қаза қайырлы болсын айтамын, Ағайын!
Сабыр бере көр,
ата-анасына бес сәбидің!


Пікірлер (4)

Нұрдәулет

Барлық халыққа жер берілу керек! Үйі барларға да, жоқтарға да! Экономиканың қозғалуына септігі болады. Кірпіш, цемент, бетон, паркет, есік, терезе, жиһаз, ыдыс... Ақша айнала бастайды... Барлық халықтың көңіл күйі көтеріледі, жұмысқа деген ынталары артады... Әлеуметтік жағдай көтеріледі... Жер үйлері де, этаж үйлері де болсын... Бірнеше үйі болсын! Балалары өседі емес пе? Халық та көбиеді... халық көбейсе экономика да өседі! Халық көп болса өндіріске де септігі тиеді! Барлығы бір біріне байланысты... Жер сол халықтыкі ғой! Осы кең байтақ далада көшіп жүрген халықтың жері емес па? Тегін алуға барлық хұқығы бар!

arshynkerei

Шіркін-ай, десеңізші! 

Айжан Бакирова

Мықты!!!

Айжан

Ех Астана деген атау жақсы еді

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Астанаға дат! өлеңінің авторы кім?

Шынар Кендін — осы өлеңнің авторы.

Астанаға дат! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Астанаға дат! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шынар Кендін өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Астанаға дат! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар