Тыныс

Бұл бетте «Тыныс» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1114
Бір танысым шақырып, үй көрсетті,
Үй көрсетті – сияпат-сый көрсетті.
Кез келгеннің қолынан келе бермес,
Асып-тасқан айрықша күй көрсетті.
Төрт бөлмесі тірелген асыл бұйым,
Болса, шіркін, осындай басыңда үйің!
Едендерде керемет түк кілемдер,
Еркін аттап, аяқты басу қиын.
Ыдыс-аяқ шетінен алтындаған,
Шағылысып сәулесі жалтылдаған.
Осыншама бағалы бұйымдардан
Ә дегеннен леп ұрды салқан маған.
Шыны заттың бәрі де хрустальдан,
Шұғыласын шашады бұрыштардан.
Тиіп кетсең, төгіліп кететіндей,
Сыңғырайды сиқырлы дыбыстардан.
Көздің жауын алады стакан да,
Бара бермес батылың ұстағанға.
Бір рюмка шарапты әрең алдым,
Үй иесі қиылып қыстағанда.
Мұражайға сезіндім кіргендейін,
Ішілмеді шарап та бірден кейін.
Ебін тауып есіктен шығып кеттім,
Дедім-дағы көңілді бір демдейін.
Шығысымен сытылып далаға енді,
Тынысым да кеңейіп сала берді.
Хрусталь мен алтынның арасында
Сол танысым көміліп қала берді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тыныс өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Тыныс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тыныс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тыныс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері