Ойхой дүние – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ойхой дүние» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2601
Ойхой дүние, серуен,
Адам – бір көшкен керуен.
Дүниені тастап қызық біз,
Асамыз өмір белінен.
Кірсе лебіз, шықса жоқ
Таусылмастай көрінген.
Сағатыңды санасаң
Көрің жақын төріңнен.
Айтып келмес ажалың
Қауіп етіңдер өлімнен.
Қоңыз қуған дүние боп –
Тірлігіңде терілген.
Ойлы сөздер осындай
Бабалардан келінген.
Дос-жаранға, кемтарға
Қайырлы бол делінген.
Не болады жиғаның,
Болмаса егер иманың
Бір Аллаға берілген?
Ұлым деген халқыңа –
Тастап кетер артыңа
Болмаса егер жан нұрың –
Жарқыраған ән-жырың,
Не әкетесің бұл өмірден?...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ойхой дүние өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ойхой дүние өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ойхой дүние өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ойхой дүние өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері