Бұл бетте «Сәулем-ай /1-нұсқа/» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Айдап салдым жылқымды ақ қауданға,
Жабағы арық, тай семіз көп сауғанға, сәулем-ай.
Қуанғаннан жүрегім от боп жанар,
Ақ білегің сыбанып қой сауғанға, сәулем-ай.
Екі ғана жирен-ай,
Өңшең манат кигені-ай.
Оймақ ауыз, күлім көз,
Ғашық жардың сүйгені-ай.
Сары белден сарғайып таң атқанда,
Аққұбаша, бидай өң түн қатқанда, сәулем-ай.
Ұзақ таңға ер жігіт қайтіп шыдар,
Сары майдай толықсып қыз жатқанда, сәулем-ай.
Екі ғана жирен-ай,
Өңшең манат кигені-ай.
Оймақ ауыз, күлім көз,
Ғашық жардың сүйгені-ай.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі