Сары бидай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Сары бидай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.05.2019
  • 0
  • 1
  • 11130
Біздің ауыл текшенің етегінде,
Ерте шықсам аулыңа жетемін бе?
Ақ тамақтан емінте бір иіскетсең,
Айналақтап аулыңнан кетемін бе?

Есіктің алды тал-қайың,
Басыңда тұрмас жаз дәйім.
Қалқатай еске түскенде,
“Сары бидай” әнін,
Сағынып сонда салғаным.

Бұлт арылмай қойды ғой бастан, шіркін,
Сенсіз өмір секілді жалған, шіркін,
Ат арытып алыстан келгенімде,
Кер маралдай керіліп тұрсаң, шіркін.

Есіктің алды тал-қайың,
Басыңда тұрмас жаз дәйім.
Қалқатай еске түскенде,
“Сары бидай” әнін,
Сағынып сонда салғаным.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Мағжан

Модератор

Осы автордың басқа өлеңдері