Мәшһүр азамат

Бұл бетте «Мәшһүр азамат» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 573
Табылмас бұл кім еді деп сұраған,
Емес ол жаңа талап бак сынаған.
Қазаққа ғана емес, алуан елге
Мұқанов Сәбит сынды мәшһүр адам.
Ырымдап атын дағы Сәбит қойған,
Сәбитше алуан енер тап деп бойдан.
Игеріп сөз өнерін сұлу сомдап,
Әйгілі жазушы боп шықты ойдан.
Батыс пен бүгінгі бар шығыстағы,
Тізгінін күллі жанр буа ұстады.
Адамның жанының шын тамыршысы
Дегізіп сөз өнерін нық ұстады.
Шарлады құз-қияны, «тау жолдарын»
Қолдады қыран қанат шын мол дарын.
Қолдады киелі Отан «Ақ аруана»
Жанынан биік тұтқан намыс-арын.
Тәнті етіп талай менмен тарпандарды
Асауды бұғалық сап арқандады.
Шынжырын «тозақ шеңбер» бұрап үзіп,
Рысқұлбек Қайрат болып талқандады.
Тәуелсіз ел боп жанған шамшырағы,
Жауапсыз қалған халық сан сұрағы.
«Қазағым, қайда кетіп барасыңнан»
Ақ алмас «Кимбирлинг» боп шарқ ұрады.
Осылай сермеді ұзақ ол қанатты,
Әлемге тараған із, жолдар жатты.
Қорлағыш қолы жетпеген дегендейін
Қайсыбір көре алмаған қорлап бақты.
Қыңқ етпей ол бәріне тапты төзім,
Қайсардай қинаудағы ұстады өзін.
Өзге елдің жазушылары мұны естіп,
Таң қалып аузын ашып, жұмды көзін.
Кембағал күншіл сынын ысырып тастап,
Мәскеуде дүрілдетіп тойын бастап,
Еңбегі жеңіп ғасыр иығынан
Қарайды Сәбит жаңа үрдіс бастап.
Ал Сәбит, мерейтойың болсын құтты,
Аймақты, елеңдеткен дүйім жұртты.
Айтулы азаматтың күндері өтеді,
Ақшаңқан ашық, бірде болып бұлтты...
Сақтасын тағдыр сені өзге бұлттан,
Арыстар тағдырыңдай торлы құлыптан.
Кімде жоқ күншіл дұшпан көре алмайтын,
Top құрып тонын пішіп жүрер сырттан.
Тойларың тойға ұлассын Құралай келін,
Биіктей берсін әлі қонар белің.
Сәбиттей қосағыңмен қоса ағар,
Мәриям апай сынды танысын елің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мәшһүр азамат өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Мәшһүр азамат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мәшһүр азамат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мәшһүр азамат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері