Майшам – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Майшам» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 906
Өртеніп жатыр өзегі
Күйдіріп жүзін ыстық жас.
Лапылдап жанып бітуге
Ден қойған сынды, ықылас.
Алау ақ сәуле төгеді,
Маңайы толы шұғыла.
Қайсарлық, мынау қайратқа
Бас исе болар жығыла.
Ойласақ майшам осынау
Ғибрат сынды адамға.
Шақ өмірді дейтіндей
Лапылдап жанып тәмәмда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Майшам өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Майшам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Майшам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Майшам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері