Көңіл мезгілдері – Шөкімов Сағибек

Бұл бетте «Көңіл мезгілдері» атты Шөкімов Сағибек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қыс болып көңіл шіркін тарылады,
Жүрегім бомба болып жарылады.
Болмыстың оты өртеп күйдіргенде,
Жүрегім дос-жаранды сағынады.
Қыс болып көңіл шіркін қысылады,
Адамдар қиындықта ысылады.
Ұрпақтың қамы үшiн аман бол деп,
Жүрегім қуат-күшін ұсынады.

Күз болып көңіл шіркін солғындайды,
Кеудемдi езгiлейді мұң мен қайғы.
Емендей жапырағы қурап қалған,
Келтiрдi көз алдыма салған жайды.
Күз болып көңіл шіркін маужырайды,
Күрсiнiп күңіренеді тау құлайды.
Табиғаттың перзенті болғаннан соң,
Аяқ-қол, сай-сүйегім саудырайды.

Көктем боп көңіл шіркін шарықтайды.
Ақ құсым көк аспанда қалықтайды.
Жүрегім соғып тұрса қуат беріп,
Сағибек ешқашанда тарықпайды
Адамзат қанша ғажап болғанменен,
Болмыстың тусiнген жок тұрқын әлі.

Жаз болып көңiл шiркiн жазылады,
Есіме түстi арал казыналы
Адамдық зұлымдықты жеңіп шықса,
Әрине, көрi терең қазылады.
Жаз болып көңіл шіркін тояттайды,
Сәбидi ұйқысынан оятпайды.
Адамдық зұлымдықты жеңіп шықса,
Жанына перілерді жолатпайды.

Көңiлiм жыл мезгiлi өзгермелі,
Өмiр күрес тынымсыз көз көргелi
Сыртынан өзгелердің өсек теріп,
Адамның адам емес сөзге ергенi
Көңiлiм жыл мезгілі құбылады,
Арада жүр арамдық тұғыр әлі.
Адамдық биiктерге көтерілсе,
Естілер болашақтың шұғыл әні.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көңіл мезгілдері өлеңінің авторы кім?

Шөкімов Сағибек — осы өлеңнің авторы.

Көңіл мезгілдері өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көңіл мезгілдері өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөкімов Сағибек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көңіл мезгілдері өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері