Жақсы əйел бойын түзеп сылақтайды
Бұл бетте «Жақсы əйел бойын түзеп сылақтайды» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 09.08.2024
- 0
- 0
- 1244
Жақсы əйел бойын түзеп сылақтайды,
Өз байынан басқаны ұнатпайды,
Үйіне мейман түссе, хош келдің деп,
Еш адамнан рұқсат сұратпайды.
Жаман əйел байымен ұрысады,
Мейман келсе қабағы тырысады.
Бұл үйден шай ішкенмен оңбассың деп,
Мейман байғұс басқа үйге жылысады.
Жақсы əйел дəулетіңе жөн келтірер,
Əйелің долы болса күнде өлтірер.
Жақсыдан жаман туған бала болса,
Атаға үйде жатқан сөз келтірер.
Жақсы əйел айтқан сөзді кектей қоймас,
Осал жігіт əйелге беттей қоймас.
Жауыз қатын қабаған ит сияқты,
Ер жігіттің түбіне жетпей қоймас.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі