Арыстан

Бұл бетте «Арыстан» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 5126
Бұрқыраған жалы қандай!
Бас қандай!
Оның пысы басады тау басқандай.
Кімге деме,
Шақырайған күнге де
Тесіледі кірпік қақпай,
Жасқанбай!
Бар даусымен бір ақырса жарайды:
Аң базары,
Құс базары тарайды.
Дүниеге ол
Маңғаз әрі тәкаппар
Көкжиекке қарағандай қарайды.
Жемейді ол ажалынан өлгенді,
Жемейді ол қорқаулардай көмгенді.
Масқара деп есептейді — өзі үшін
Құрбаныңа ық жағынан келгенді!
Су жүректер қашса қашсын дүркіреп!
Алады ол күннен жаман күркіреп.
Соқса сарай құлататын төрт аяқ
Дүлей күшті тас тұғырдай тұр тіреп!
Болмайды онда қарсылас та,
Жақтас та.
Болмайды онда бәсекелес,
Бақтас та!
Болат қамшы сияқты анау құйрықпен
Бір қойғанда
Бұрқ етеді көк тас та!
Бұл өмірде бірақ жұмбақ арқау бар.
Бірте-бірте шөгеді екен нар таулар.
Күші қайтса,
Арыстанды түтіп жер
Күші барда жалбақтаған қорқаулар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арыстан өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Арыстан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арыстан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арыстан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері