Уақыт жайлы уақытында айтылған әңгіме – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Уақыт жайлы уақытында айтылған әңгіме» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Уақыт қымбат, соны ұққандар бақытты,
«Әр сәтіңді қадірле» деп оқытты.
Біздер болсақ, үлкеніміз, кішіміз,
Оңды-солды шашып жүрміз уақытты.

А-ха-хаға кетіп жатыр бір сағат,
Ха-ха-хаға кетіп жатыр бір сағат...
Жұмысыңды, ұйқыңды айтса – он сағат,
Нәпақаңа кетер тағы бір сағат.

Баптануға кетіп жатыр бір сағат,
Мақтануға кетіп жатыр бір сағат.
Футбол қуып, терезені сындырып,
Ақталуға кетіп жатыр бір сағат.

Жалқау бала себептерін септейді,
«Үйге берген тапсырмалар көп» дейді.
Қыста хоккей, жаздыгүні футбол бар,
Жеткізіп көр, әрине, уақыт жетпейді!

Міне, солай, а-ай, балалар, балалар!
Кімде уақыт деп зарлайтын сана бар?!
Бір сағатты бөліп алпыс минутқа,
Әр минутын іске асырған даналар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Уақыт жайлы уақытында айтылған әңгіме өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Уақыт жайлы уақытында айтылған әңгіме өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Уақыт жайлы уақытында айтылған әңгіме өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Уақыт жайлы уақытында айтылған әңгіме өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері