Не боларын кім біледі түбінде – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Не боларын кім біледі түбінде» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3325
Не боларын кім біледі түбінде,
Әлдеқайда жеңілдеді жүгің де!
Қол еңбегін жұмысшы мен шаруаның
Техника тартып алды бүгінде.
Сенесің бе,
Сенбейсің бе, бауырым,
Ұмыттық қой біз тірліктің ауырын.
Атамыздың һамбал кезін еске алып,
Ауыр жүксіз құрыстайды жауырын.
Бірақ менің табиғатым елгезек.
Үйде қалай отырамын тіл безеп!
Шалғыменен сырылдатып
Кешқұрым
Шөп шабуды қалаймын мен бір кезек.
Машинаның көп болғанмен көмегі,
Бұлшық етті ширатпайды —
Сөгеді.
Батпандайын балғаменен
Бір мезет
Темір таптап,
Көрік басқым келеді.
Көңіл көзі әлдеқайда қырағы:
Өткен күнге мойнын жиі бұрады.
Бақша көрсем,
Арық көрсем,
Әлі де
Кетпен-күрек ұстағым кеп тұрады.
Бұл жырыма қағар болсаң қақ сына.
Сөзбен емес,
Еңбекпенен бақ сына.
Миға жұмыс табылғанда,
Бауырым,
Қолға жұмыс табылмаған жақсы ма?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Не боларын кім біледі түбінде өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Не боларын кім біледі түбінде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Не боларын кім біледі түбінде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Не боларын кім біледі түбінде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері