Көктем шықпай қойды мүлдем

Бұл бетте «Көктем шықпай қойды мүлдем» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 14.02.2021
  • 0
  • 1
  • 810
Көктем шықпай қойды мүлдем,
Сарсылдым,
Мына әлемді
Тақиядай тарсындым.
Кәрі сүйек сырқырай ма,
Кім білсін,
Артқы жағы шөмиіпті баршынның.
Жағасына
Есіле аққан Есілдің,
Бір қадасын қақтым келіп
Көшімнің.
Үңірейген қуыс кеудем бастықпай,
Соны айналып,
Есің шықты-ау, есіл мұң.
Сағындырды мені нәркес
Жарқындық,
Құса көмді көкейіме барқындық.
Мүскін халде
Кешіккен сол көктемге,
Жас сәбидей қаз-қаз басып,
Талпындық.
Бір ызғар бар
Жібермейді жағаттап,
Қалмай қойды
Қыр соңымнан далақтап.
Сәуір келді,
Самалы жоқ, сәулесіз,
Ертең де сол қабақ шытып,
Таң атпақ.
Атар екен қашан енді
Таң жібіп?
Ит жылымен қоса бірге
Алжыдық.
Онысыз да жарым көңіл
Жабыққан,
Көктем шықпай
Халде жүрмін қанжілік.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктем шықпай қойды мүлдем өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Көктем шықпай қойды мүлдем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктем шықпай қойды мүлдем өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көктем шықпай қойды мүлдем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері