Сатып алады

Бұл бетте «Сатып алады» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 552
Айып жоқ айтқан ақыннан,
Айтпасқа қоймас қаламы.
Дүние түгел сатылған,
Қайтсе де сатып алады.
Мінгендей болып күймеге,
Алаңсыз жүрген қазақтар.
Түйе ме, тіпті түйме ме,
Сатылмай қалған не зат бар?!
Дұшпан бар, дос бар табалар
Жатқанда бәрі сатылып...
Қайдасың, қайран Ағалар,
Халқы үшін кеткен атылып!
Теңесер кім бар мықтымен,
Кім бітер құдық – құлқынды?!
Сатып алады
Түп-түгел –
Дүние-дүкен, мүлкіңді.
Екпіні тіпті ерекше,
Қабағы қатты түюлі.
Сатып алады,
Керексе –
Үстінде тұрған үйіңді.
Шынжырмен матап қойғандай,
Табанға таптап халқыңды.
Сатып алады
Ойланбай –
Дәстүрің, дінің, салтыңды.
Сатып алады
Сұрамай –
Өзенің, тауың, көліңді.
Кім екен бүйтіп,
Құдай-ай,
Қор қылып қойған Елімді?..
Көңілден кетпей көп күдік,
Таба алмай дертке дауаңды.
Сатып алады
Жоқ қылып –
Жұтатын жұпар ауаңды.
Тұлпарды теліп мәстекке,
Сұрамас сенің халіңді.
Сатып алады
Әп-сәтте –
Мың жылғы жиған малыңды.
Құрысын бүйткен тірлігі,
Сатып алады бәріңді!
Сатып алады
Бір күні –
Жаныңда жатқан жарыңды!
Тізесін әбден батырып,
Тынысым мүлде тарылды!
Сатып алады ақыры –
Намысың менен арыңды!
Ақ пенен қара арбасып,
Қанаты күйген көбелек...
Сонан соң
Сенің шер басып,
Тірі жүргенің не керек?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сатып алады өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Сатып алады өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сатып алады өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сатып алады өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері