Ауырттың тәнімді

Бұл бетте «Ауырттың тәнімді» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 583
Ауырттың тәнімді,
Қинадың жанымды.
Біле алмай қор болдым
Қатерлі халіңді.
Ауырттың басымды,
Көп төктім жасымды.
Ағарта түстім мен
Онсыз да ақ шашымды.
Ауырттың жүректі,
Орнаттың түнекті.
Махаббат саусағы
Кеудеме гүл екті.
Ауырттың жүйкемді,
Бұл ағаң сүйкенді!
Сұңқардың соңында –
Мен де бір ителгі.
...Кеткендей қауіп бір,
Ақша қар жауып тұр...
Енді өзің қуантып,
Енді өзің сауықтыр!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауырттың тәнімді өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Ауырттың тәнімді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ауырттың тәнімді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ауырттың тәнімді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері