Май күні – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Май күні» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2021
  • 0
  • 0
  • 712
Тамылжыған нұрға бөлеп даланы,
Торғын көктен күлімдеп күн қарады.
Әрбір үйдің шатырында қонақтап,
Ақ. көгершін қауырсынын тарады.
Күндегіден ерте оянды жас ана,
Күндегіден ерте оянды жас бала.
Көшелерін көктем гүлі көмкерген,
Ерте оянды біздің сұлу астана.
Жаңғыртты да аспан астын көк торғын,
Ауа жарып іле эфир көтерді үн:
«Қайырлы таң! Құтты болсын мереке!» –
Өлеңімнің туын мен де көтердім!
Салтанатты басталды Май парады,
Ән аралап, күй кернеді қаланы.
Біздің достық туымызға айбынды,
Дос қызығып, дұшпан бұғып қарады.
Көктемдегі Ертісімдей ағынды,
Кең алаңмен халық лек-лек ағылды.
Жана миллиард! – Жалауларда жарқырап,
Бейбітшілік барабаны қағылды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Май күні өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Май күні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Май күні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Май күні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері