Елік қашқан – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Елік қашқан» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 517
Тараған чех жұртына аңыз-дастан
Дейді екен мынау шынды Елік қашқан
Жаралы ай мүйізді алтын елік
Жанкешті ырғыған соң осы тастан.
Мен сірә аңыз жайын болсам ұққан,
Карл төрт12 нөкерімен аңға шыққан...
Жаралап жүйрік тазы жетерменде,
Елік кеп жан сауғалап тасқа бұққан.
Өкшелеп тасты қоршап алған қуғын...
Тұсынан шыққан елік қалың будың.
Атылып секіргенде шыңыраудан,
Шетіне дік етіпті қайнар судың.
Жетіпті тасқа тазы елік бұққан,
(Болар ма алған беттен долы ыққан)
Екпінмен қарғығанда төмендегі
Қайнарға құлап сәтте жидіп шыққан.
Ғажайып болды апыр-ау мынау неткен...
Тазының ажалына шын-ақ жеткен
Қайнардың жағалауы шипа болып,
Жазылып жарасынан елік кеткен.
Карл төрт бұған назар салды дейді,
Шақыртып дәрігерін алды дейді...
Қайнардың дерт дауасы сыры ашылып,
Атағы жер шетіне барды дейді.
Шыңырау тас түбінен елік қашқан
Карл төрт сарай салып, курорт ашқан.
Аталып Карл қайнары ыстық гейзер
Тарайды шартарапқа аңыз дастан.
Қазірде Карл қайнары әлемге әйгі,
Көркейіп жылдан-жылға қанат жайды.
Дос көңілі адамдардың – ақ көгершін
Империал күмбезіне қонақтайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Елік қашқан өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Елік қашқан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Елік қашқан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Елік қашқан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері