Күншығыс қызыл туын көкке байлап
- 0
- 0
Күншығыс қызыл туын көкке байлап,
Дір етіп нұрға балқып тоқтады аймақ.
Мойыны ұзарыпты қарт шыңдардың,
Мұнартып күншығысқа көп қарайлап.
Бұл бетте «Дат» атты Еркебұлан Мыңжасар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күншығыс қызыл туын көкке байлап,
Дір етіп нұрға балқып тоқтады аймақ.
Мойыны ұзарыпты қарт шыңдардың,
Мұнартып күншығысқа көп қарайлап.
Өзенін өргізіп тау алса ғана,
Қарайды қарауытып сан салаға.
Қайтеді ей, мына толқын, құла толқын
Жартастың төсін сорып тамсана ма?
Көкпеңбек, жер де көк, көк те көк,
Көңілдің шыңынан қарғыды үн.
Табиғат анаға өкпе жоқ:
Бір түске бояпты барлығын.
Алатау ақ кеуде, ай-құлып,
Ақырын еседі түн лебі.
Аспанмен бірге ол қайғырып,
Аспанмен бірге ол күледі.
Тау төсі ақ көбік, ақ айран –
Қара бұлт жалайды жата қап.
Аспанда жүзеді ол дақ болып қарайған,
Сол үшін бұлт деген атақ ап.
...Көгіс тартып тұр безеріп қыр үсті,
Қоя аурудан айықпаған баладай.
Кәрі шыңдар бір-біріне суысты,
Суық сәуле кезіп жүрді жағалай.
Маған ұнады, керемет, супепер
Керемет