Алатау ақ кеуде, ай-құлып
Бұл бетте «Алатау ақ кеуде, ай-құлып» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Алатау ақ кеуде, ай-құлып,
Ақырын еседі түн лебі.
Аспанмен бірге ол қайғырып,
Аспанмен бірге ол күледі.
Тасиды ол, бұлттарды тасиды,
Арқалап түндерден түндерге,
Түн келсе тұнжырып жасиды,
Күн келсе қуанып бұл жерге.
Білмейді ол өтірік құбылып,
Жасырмас самайда бар ағын.
Жақсы ғой осындай ұлылық
Бағатын әлемнің қабағын.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі