Кәрі бұлбұл

Бұл бетте «Кәрі бұлбұл» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3622
Бұл тірлікте махаббат пен от егіз.
Бірақ оны түсінбей ғой өтеміз.
Алпысында,
Жетпісінің өзінде
Әлденеше ғашық болған Гетеңіз.
Бұл арулар кімге де бас игізген.
Тап осындай табылар ма күй бізден!
Жетпісінде
Жиырмадағы жігіттей
Сүйген Гете,
Өзін және сүйгізген!
Көрмесең сен махаббаттың көкесін,
Езуіңде ойнамасын кекесін!
Әйгілі ақын —
Оны айтасың —
Жетпіс пен
Он сегіздің қимақ болған некесін!
Қайран өнер —
Шетсіз-шексіз қара құм.
Қара құмда ала алмаған бар ақым.
Жетпісінде
Жырларымен ғашықтық
Жердің жүзін таң қалдырған кәрі ақын.
Жорықта көр,
Жарыста көр дүлділді.
Дүлдүлдердің тегі қайда?
Кім білді?!
Жырлатқан не жетпістегі ақынды?
Сайратқан не жетпістегі бұлбұлды?
Ұлы жүрек кететіндей жарылып,
Әрбір таңды күткен Гете сарылып.
Бұлбұлыңды бұлбұл еткен қандай күш?
Білесің бе?
Махаббат пен кәрілік!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кәрі бұлбұл өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Кәрі бұлбұл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кәрі бұлбұл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кәрі бұлбұл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері