Күндерім – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Күндерім» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 635
Кешірші, достым,
мазам жоқ соңғы күндері,
Ұқпадым мүлде,
хабарлайды екен бұл нені...
Риза емен өзіме дағы өзгеге,
Қуыс күндер бір
жылжып жатқан тек ілгері.
Қадамың толы
тек қана көктем гүлдері.
Шақтар бар еді-ау
жетелейтұғын ілгері.
Күй төгіп әсем,
кеудеңде бұлбұл құс сайрап,
Ағыныңда алып
жөнелер еді жыр селі.
Алыстан атой
бергендей еді қарлы шың,
Маңымды онда
баса алмайтұғын зәрлі мұң,
Қыз беріп, келін
түсірген сынды той-думан
Бәйгеден атың
келген тәрізді әр күнің.
Қайдасың, қайда, рахат сол бір шақтарым,
Жаңғыртып жаһан
сорғалайтұғын мақпал үн.
Жайлаудай жасыл
жауқазын шағым, сені іздеп,
Мазасыз жүрек
бір қалтарысын ақтардым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күндерім өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Күндерім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күндерім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күндерім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері