Бір жапырақ шындық – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Бір жапырақ шындық» атты Темірхан Медетбек жазған шындық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 840
Айтатұғын бiр-ақ кесiп дәлдiкпен
қаншама жыл ғылым күткен, ел күткен
бiреу келiп бiр жапырақ шындықты
асыл тастай
қазып алар архивтен.
Тiлiн жұлып бұрынғы ескi ұғымның,
мұзын сөгiп жалғандық пен сыбырдың
жынын қағып талай кеуде, жұлынның
табылады бiр жапырақ сол шындық
қаншама жыл сабылдырып, сарсылтқан
жампоздарын ғылымның.
Табылады бiр жапырақ сол шындық
жағады да —
бiр болжамның шамдарын,
жарады да —
бiр болжамның шарларын.
Сонан кейiн сөйлесiн деп аңқылдап,
жай оғындай жарқылдап,
тастасын деп бөгде ұғымды ысырып
жiбередi эфирлерден ұшырып,
таратады газеттер
суретке оны түсiрiп.
Мен сөйлейтiн күн де, мiне, жеттi деп
қайта тұрар —
жатқан үмiт тепкiден.
Оттарынан бiр жапырақ шындықтың
күлге айналар қанша жуан папкiлер.
Қаншама жыл жарық көрмей қамалған
шығады ол көшелерге, алаңға.
Орынынан тұрып оны қарсы алар
үлкен-үлкен кеңседе
үлкен-үлкен адамдар!
Бiр шал айтар қаншама жыл тер төккен:
өмiр сүрген жоқ екенмiн мен текке.
Құрметiне бiр жапырақ шындықтың
жиын болып, берiледi банкет те!
Қамыр қылып темiр құрсау сұмдықты,
түрлендiрiп жiбередi ол тiрлiктi...
Қандай күштi,
қандай үнi зор едi
бiр жапырақ,
бiр жапырақ шындықтың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір жапырақ шындық өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Бір жапырақ шындық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір жапырақ шындық өлеңі не туралы?

Бұл шығарма шындық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бір жапырақ шындық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері