Кеудемнен сызылып бір ән шығарда – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Кеудемнен сызылып бір ән шығарда» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 765
Кеудемнен сызылып бір ән шығарда,
Тамшылар қосылады тамшыларға,
Билейді аппақ қайың шаршыларда.
Қолымды көлегейлеп көп қараймын
Көктемге сауын айтқан жаршыларға.
Жүрекке сәулесі бар мұң келерде,
Самал жел саңқылдайды іргелерде,
Жүйріктер жетеді ылғи жүлделерге.
Парасат-пайым айтып сән құрады
Оранып үлделер мен бүлделерге.
Жаныма күмбір қағып күй келерде,
Бозторғай ән іздейді үйренерге.
Сүйріктей сұлу саусақ жетелейді
Сыңғырлап сұлу әуен күймелерде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кеудемнен сызылып бір ән шығарда өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Кеудемнен сызылып бір ән шығарда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кеудемнен сызылып бір ән шығарда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кеудемнен сызылып бір ән шығарда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері