Барады қайран Уақыт жылдам ұшып – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Барады қайран Уақыт жылдам ұшып» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1221
Барады қайран Уақыт жылдам ұшып,
Уыстап көк теңізді тұрған ішіп.
Өзгеге өз дауысын жеткізе алмай,
Шындықтың жақ сүйегі тұр қарысып.
Жеткізбес сен қайдасың, жүрдек әлем,
Қиындық тұр қадымды күрмеп әрең.
Жамағат жалау қылды жалғандықты,
Шындықты аңсап жүрген бір ғана мен.
Жалынға жалын керек маздау үшін,
Өзіме жетпей қойды өз дауысым.
Жалғандық шындықпын деп шыңғырғанда,
Шыдамның сынып кете жаздауы шын.
Шындық, рас, қараңғыда жүрдім дері,
Жарқ етіп шығар ол да бір күндері.
Жабайы жабыларға шаң қаптырар
Дүбірлі дүниенің дүлдүлдері.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Барады қайран Уақыт жылдам ұшып өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Барады қайран Уақыт жылдам ұшып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Барады қайран Уақыт жылдам ұшып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Барады қайран Уақыт жылдам ұшып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері