Алқымға келді ақ нұрым – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Алқымға келді ақ нұрым» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 649
Алқымға келді ақ нұрым,
Ризамын саған, тағдырым.
Жапалақтайды ақша қар,
Жауады жиі жаңбырым.
Кемелер түгел қарсы ақты,
Жорықты күндер шаршатты.
Кеудеме жинап жүрмін мен
Бақыттың нұры бар шақты.
Аспаным көкте көгерген,
Теңізім лықсып кенерден.
Өміршең шағым өлмеді,
Өрнегін тауып өнерден.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алқымға келді ақ нұрым өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Алқымға келді ақ нұрым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алқымға келді ақ нұрым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алқымға келді ақ нұрым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері