Көп қабаттың құм басқан бір беткейін – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Көп қабаттың құм басқан бір беткейін» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 859
Көп қабаттың құм басқан бір беткейін,
Басылады көзге оттай суреттейін.
Ақын қылған Фариза, Төлегенді
Топырағын әулиенің құрметтейін.
Басқышында сол үйдің
Жоғарыға адамы өрмелеген,
Төменіне қанатын сермелеген.
Сырттай қарап тұратын ақын жанға
Кеткені өлең солардың, келгені өлең,
Дайын тұрған осы ма көрме деген?
Орғыл-орғыл орғыған қыраттарым,
Лыпып тұрған көңілім-құр аттарым.
Маңғыстауым жөнінде ұзақ дастан
Жазылады ішінде бір аптаның.
Маңғыстауым, маң өлкем, маңмаңгерім,
Менің қанат қағысым, алған демім.
Алау қылып көтерген жүрегіме
Саған отты сағыныш салған лебін.
Көп қабатты үйлердің басқышында,
Отты арманым лап етіп асты шыңға.
Өзің барсың атқан таң шуағында,
Ұшып жеткен наурыздың жас құсында.
Іздеп шығып ауылдан көктем елін,
Ұшып келдім ішінде от кеменің.
Тұрмасам да осында, жүрмесем де
Менің елім Маңғыстау деп келемін.
Шақырады қонаққа жанұясы,
Жыр сүйеді сәбиі, қариясы.
Ауа жұтсам көшеде, кең даланың
Өмір жайлы әндетті ариясы.
Құсы сайрап оятқан ала таңмен,
Таңда салған құс әнін жаратам мен,
Маңғыстауым, бетіңде тұрған шаңды
Сүртіп кеткім келеді алақанмен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көп қабаттың құм басқан бір беткейін өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Көп қабаттың құм басқан бір беткейін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көп қабаттың құм басқан бір беткейін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көп қабаттың құм басқан бір беткейін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері